15 сағат бұрын

Бүгін дзюдодан Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды

Бүгін дзюдодан Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды

Фото: Olympic kz

Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бүгін Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз өзінің алғашқы белдесуінде Мартин Сетц (Германия) мен Цзыян Сюэ (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Ғұсман Қырғызбаев 1992 жылы дүниеге келген. 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері болды. 2024 жылы Париж Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеді.

Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанса, Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі) жарысты ерте аяқтады. 

Енді ел құрамасынан 15 маусымда Есет Қуанов (72 келі), 16 маусымда Эсмигүл Куюлова (63 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), 17 маусымда Мейірлан Максим (90 келі) сайысқа түседі.

Сондай-ақ 18 маусымда Нұрлыхан Шархан (100 келі) және Марат Байкамуров (100 келі), 19 маусымда Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салады.

Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.


ҚПЛ:  «Жеңіс» биыл алғаш рет жеңіске жетті

Футбол 3 сағат бұрын

ҚПЛ: «Жеңіс» биыл алғаш рет жеңіске жетті

Көркем жүзуден Әлем кубогында Қазақстан құрамасы  екінші орын алды

Футбол 5 сағат бұрын

Көркем жүзуден Әлем кубогында Қазақстан құрамасы екінші орын алды

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Жетісу» тең ойнады

Футбол 5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Жетісу» тең ойнады

«Барселона» клубы төрт футболшысымен қоштасады

Футбол 7 сағат бұрын

«Барселона» клубы төрт футболшысымен қоштасады

Ғұсман Қырғызбаев 2 дүркін Олимпиада чемпионына жол берді

Дзюдо 8 сағат бұрын

Ғұсман Қырғызбаев 2 дүркін Олимпиада чемпионына жол берді

Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуде күреседі

Дзюдо 8 сағат бұрын

Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуде күреседі