10 сағат бұрын
Бүгін дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық бір балуан татмиге шығады

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бүгін Есет Қуанов (72 келі) ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Есет - ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі балуанның бірі. 1992 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге спортшы алғашқы мансабын самбодан бастап, үш мәрте әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Сондай-ақ әлем кубогында алтын мен күміс алды.
Ал дзюдодан Азия кубогында екі мәрте чемпион болды.
Енді 16 маусымда Эсмигүл Куюлова (63 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), 17 маусымда Мейірлан Максим (90 келі) сайысқа түседі.
Сондай-ақ 18 маусымда Нұрлыхан Шархан (100 келі) және Марат Байкамуров (100 келі), 19 маусымда Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салады.
Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанса, Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) жарысты ерте аяқтады.
Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.
