9 сағат бұрын
Әбиба Әбужақынова елге оралды

Фото: ДРС
Дзюдодан Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында алғаш рет финалға жетіп, күміс жүлдеге ие болған Абиба Әбужақынова Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматы халықаралық әуежайына түн жарымда келсе де, жанкүйерлер оны құшақ жая қарсы алды.
Абиба Әбужақынова өз мансабында үшінші мәрте Әлем чемпионатында жүлде алды. 2022, 2024 жылдары қола жүлдеге ие болса, биыл күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Мажарстандағы жаһандық дода 20 маусымда мәресіне жетеді.
