12 сағат бұрын
Дзюдодан Есет Қуанов әлем чемпионатынан шығып қалды

Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарыстың үшінші күні татамиге 73 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Есет Қуанов шықты.
Өкінішке қарай, алғашқы кездесуінде ол Париж Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жоан-Бенжамен Габадан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Осылайша, әлем чемпионатының үшінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды.
Қазіргі таңда Қазақстан еншісінде Абиба Абужақынова жеңіп алған бір күміс медаль бар.
