23 сағат бұрын
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатын 1 күміс медальмен аяқтады

Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының жекелей сынның соңғы күнінде Ерасыл Қажыбаев алғашқы белдесуінде әлем чемпионы Ким Минджоннан жеңіліп қалды, деп хабарлады Sport12.kz
Осылайша, Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионаты Абиба Абужақанова (48 кг) жеңіп алған жалғыз күміс медальмен аяқталды.
Айта кетейік, ертең Қазақстан құрамасы командалық сайыста бақ сынайды. Алғашқы қарсылас команда - Бразилия болмақ.
