6 сағат бұрын
Дзюдо: жарыстың соңғы күнінде командалық сында жүлде сарапқа салынады

Жұма, 20 маусым күні дзюдодан Қазақстан құрамасы Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан 38-ші әлем чемпионатында аралас командалық жарыста бақ сынасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші айналымда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездеседі. Жарыстың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Трансляцияны Qazsport телеарнасынан көре аласыздар.
Аралас командалық жарысқа барлығы 16 команда қатысуда.
