20.06.2025
Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста Бразилиядан жеңілді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Будапештте (Венгрия) өткен дзюдодан әлем чемпионатының соңғы күнінде өткен аралас командалық жарыс Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз Бразилия командасынан 0:4 есебімен жеңілді.
Науано Сильва 1:0 Көркем Орынбек
Рафаэль Маседо 2:0 Ермахан Ануарбеков
Беатриз Соуза 3:0 Ақерке Рамазанова
Рафаэль Бузакарани 4:0 Еламан Ерғалиев
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы жекелей сындағы жарысын 19 маусымда аяқтады. Қоржынымызда жекелей сында бір күміс медаль бар.
Әлем чемпионатында ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанды.
Ал Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (72 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Мейірлан Максим (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Марат Байқамұров (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.
