2 күн бұрын
Алматыда дзюдодан жастар арасында Азия кубогы өтеді

Фото: Olympic.kz
Құрлықтық бәсеке 3-6 шілде күндері «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді деп белгіленген, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жасөспірімдер мен жастар арасында жарыс Бекет Махмұтовты еске алуға арналады. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы және АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, Азия кубогы аясында төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған халықаралық семинар өтеді. Семинарға Польша, Египет, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд, Жапония және Сауд Арабиясынан 80 төреші қатысады.
Құрлықтық бәсекеде 3-4 шілде күндері жасөспірімдер сынға түссе, 5-6 шілдеде жастар жүлделерді сарапқа салады.
