5 сағат бұрын
Абиба Әбужақынова мансабындағы ең қиын белдесуін атады

Olympic.kz
Дзюдодан 13-20 маусым аралығында Мажарстанда өткен әлем чемпионатында қазақ әйелдерінің арасынан тұңғыш рет финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған Абиба Әбужақынова алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
- 1 шілде күні Алматыда кезекті оқу-жаттығу жиыны басталады. Демалатын уақыт жоқ. Кезекті жарысымызға дайындығымызды жалғастырамыз. Келесі нақты қандай турнирге қатысатынымыз жайлы нақты мәлімет жоқ. Оны бапкерлер штабы шешеді.
Сондай-ақ, спортшы өзінің спорттық мансабында 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионаты өте қиын болғанын айтты.
- 2022 жылы жаһандық додада қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алдым. Бапкерлерім мені ерекше дайындап, бұл сенің жалғыз мүмкіндігің болуы ғажап емес. Қазір жүлде алмасаң, бұдан кейінгі әлем чемпионатында осындай сәт туындамауы да мүмкін деді. Сондықтан Чили спортшысымен 14 минут бойы күресіп, әрең дегенде жеңіске жеттім. Сол сәттегі жаттықтырушыларымның сөзі өтіп кетсе керек. Ауырсам да, шаршасам да, соңына дейін берілмедім. Бұл менің әлем чемпионатындағы алғашқы қола медалім болатын", - деді Абиба Әбужақынова.
Айта кетейік, Абиба Әбужақынова 2022 жылдан бері тұрақты әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, 2022, 2024 жылдары қола жүлде иеленсе, 2025 жылы күміс медаль иегері атанды.
