30.06.2025
Алматыда дзюдодан халықаралық семинар басталды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Алматыда дзюдодан төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Семинар Халықаралық дзюдо федерациясының рефери директорлары Даниэл Ласкау, Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының бас рефери директорлары Осака Акинобу, Набель Мохаммед Абдрабалнаби, рефери директор Асхат Житкеев және Халықаралық дзюдо федерациясының рефери комиссиясының мүшесі Франк Дотечтің жетекшілігімен өтңп жатыр.
Семинарға Қазақстан, Польша, Египет, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд, Жапония және Сауд Арабиясынан 80 төреші қатысуда.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
