05.07.2025

Қазақстандық қос дзюдо төрешісі IJF халықаралық дәрежеге ие болды

Қазақстандық қос дзюдо төрешісі IJF халықаралық дәрежеге ие болды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Алматы қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ұйымдастыруымен өткен дзюдо төрешілеріне арналған халықаралық емтихан өзмәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, Қазақстанда үшінші рет өткізілген бұл маңызды шара еліміздегі төрешілер даярлау жүйесінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.

Емтиханның практикалық кезеңі Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер менжастар арасындағы Азия кубогі аясында өтті. Аталған жарыста төрелік еткен 11

елден келген 19 төреші өз кәсіби біліктілігін дәлелдеді.

Нәтижесінде қазақстандық төрешілер Тимур Ажимов (Ақтөбе облысы) пен Әділ Бисенқұлы (Маңғыстау облысы) сәтті нәтиже көрсетіп, IJF Халықаралық санаттағы төреші (IJF International Category) атағына ие болды.

Сондай-ақ, Польша, Египет, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд,Жапония және Сауд Арабиясынан келген төрешілер де емтиханнан сүрінбей өтіп, халықаралық дәрежеге қол жеткізді.

Төрешілер жұмысына және емтихан барысына Халықаралық дзюдо федерациясының бас рефери директорлары Даниэл Ласкау мен Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының (JUA) бас төрешілер директоры Осака Акинабу мен JUA рефери-директоры Асхат Житкеев жетекшілік етті. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Қазақстанда 11 халықаралық, 17 континенталдық және 20 ұлттық дәрежедегі дзюдо төрешісі бар.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

Футбол 11 минут бұрын

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

Футбол 23 минут бұрын

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Футбол 2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Футбол 12 сағат бұрын

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды

Дзюдо 12 сағат бұрын

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды