10.07.2025

Ғалымжан Жылгелдиев: Елдос Сметов әлі жас спортшы

Ғалымжан Жылгелдиев: Елдос Сметов әлі жас спортшы

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің спорттық мансабын аяқтауына қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Sport12.kz AQYRYS SEITKAZY-ның арнасына сілтеме жасап.

- Салыстырмалы түрде Елдос әлі жас спортшы. Әлемдік деңгейге назар аударсаңыз, 40 жастағы Криштиану Роналду әлі де доп теуіп, жүлде алып жүр. 5 дүркін Олимпиада чемпионы Михаин Лопестің (Куба) жасы 42-де. Бірақ 2008 жылдан бергі жазғы Олимпиада ойындарында қарсылас шақ келтіріп жүрген жоқ. Күресемін деген адам жасқа қарамау қажет. Елдостың өзі де айтып жатыр ғой: «3 Олимпиадада күресіп, енді ғана қалай белдесу керектігін түсініп жатырмын». Елдосқа еш таңғалмаймын. Ұтамын десе, ұтады. Париж Олимпиадасының финалы алдында да маған жеңемін, еш уайымдамаңыз деген.

Сондай-ақ бапкер отандық спортшыларымыз тарихты одан әрі жаңғырта беру керектігін алға тартты.

-      Әбиба әлем чемпионаттарында қола медаль алып жүр еді. Өткен айда ғана финалға шыққан алғашқы қазақ аруы атанды. Сол секілді Елдос та 2 дүркін Олимпиада чемпионы атануды көздейді. Бір жетістікпен тоқмейілсімеу қажет. Әр спортшы мақсат қоюын тоқтатпау қажет деді, - Ғалымжан Жылгелдиев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Елдос Сметов әлі тынығып жатыр.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

Футбол 15 минут бұрын

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

Футбол 27 минут бұрын

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Футбол 2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Футбол 12 сағат бұрын

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды

Дзюдо 13 сағат бұрын

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды