10.07.2025

Бапкер Ғалымжан Жылгелдиев Елдос Сметовтың досы жайлы сырымен бөлісті

Бапкер Ғалымжан Жылгелдиев Елдос Сметовтың досы жайлы сырымен бөлісті

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің спорттағы досы әрі басты бәсекелесі болған Наохиса Такатоға тоқталды деп хабарлайды Sport12.kz AQYRYS SEITKAZY-ның арнасына сілтеме жасап.

-      Елдостың спорттық мансабындағы ең басты қарсыласы Токио Олимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Наохиса Такато екендігін барлығы біледі. Қос спортшы 6 мәрте белдескен. Ең алғаш рет 2011 жылы жастар арасындағы жаһандық доданың жартылай финалында жолдары түйісті. Сол кезде Елдостың нәтижелі әдісін есептемей қойғаны бар. Бәлкім, Елдос жеңіске жеткенде, одан әрі мүлдем басқа көріністі көрер ме едік, - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

Бапкер жапон балуанының ешкімнен сыр жасырмай, адамгершілігін де атап өтті.

-      Токиодағы оқу-жаттығу жиынында қос спортшы бірге спарринг жасады. Елдос өзінің білмеген әдістерін Наохисадан толықтай сұрап отырды. Басты қарсыласы болса да, жапон спортшысы әр әдіске тоқталып, дұрыс жасауын қадағалады. Жаттығудан кейін Елдос әдістердің қолайлылығын айтып, өзін одан әрі шыңдай білді. Токио Олимпиадасының жартылай финалындағы 12 минутқа жалғасқан белдесуден кейін, Елдос пен Наохиса татамиде жатып, өзара күрестерін талқылап жатты. Санаулы минут бұрын ғана басты қарсыластарға айналған спортшылардың қайта досқа айнала білгенін көру жүрекке жылу сыйлады, - деп Ғалымжан Жылгелдиев естелігімен бөлісті.




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Ресми: «Барселона» қақпашысы «Эльчеге» ауысты

Футбол 3 минут бұрын

Ресми: «Барселона» қақпашысы «Эльчеге» ауысты

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

Футбол 17 минут бұрын

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

Футбол 29 минут бұрын

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Футбол 2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Футбол 12 сағат бұрын

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды