25.07.2025

Асхат Житкеев Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті болды

Асхат Житкеев Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті болды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

25 шілде күні Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті Конференциясы өтті, деп хабарлайды Sport12kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, жиында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды. Сондай-ақ Федерацияда кадрлық өзгеріс болды. 

Атақты дзюдошы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген спорт шебері әрі тәжірибелі спорт маманы, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы лауазымындағы Асхат Расулұлы Жіткеев Федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл шешім оның отандық және халықаралық дзюдоның дамуына сіңірген ерен еңбегіне берілген жоғары баға.

Асхат Жіткеевтің спорттағы мансабы бірнеше онжылдықты қамтиды: 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін еншілеп, Азия чемпионы, оған дейін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2011–2012 жылдары ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. 2012 жылдан 2019 жылға дейін Федерацияның даму жөніндегі директоры қызметінде болды. 2019–2021 жылдары Бас хатшы, 2021–2022 жылдары Федерация президентінің міндетін атқарушы, ал 2023 жылдан бастап қайтадан Бас хатшы лауазымында еңбек етті. Білікті маманның бастамаларының арқасында Қазақстан Халықаралық дзюдо федерациясында өз орнын нығайтып, әлемдік серіктес ретінде мойындалды.

2023 жылдың сәуірінен бастап Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери-директоры ретінде халықаралық деңгейде қызметін жалғастырып келеді.

«Сізбен бірге қазақ дзюдосының жаңа кезеңі басталды. Бізге бағыт-бағдар бере отырып, халықаралық ынтымақтастыққа жол аштыңыз. Іскерлігіңіз, жанкештілігіңіз бен көрегендігіңіздің арқасында Федерация жаңа биіктерді бағындырды. Барша дзюдо қауымдастығы атынан сізге атқарған еңбегіңіз үшін алғыс айтамын. Енді жаңа қызметіңізде де осы жолды жалғастырып, спорт саласына қосар үлесіңіз арта беретініне сенімдімін», — деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев.

Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы лауазымына Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған Тимур Болат тағайындалды. Тәжірибелі маман 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының команда жетекшісі қызметін атқарып келді.

Конференция барысында өңірлерде дзюдо спортын өркендетуге қатысты нақты тапсырмалар берілді. Федерация өз қызметінде әлемдік аренадағы позицияны күшейту, спорттық кадрларды қолдау, елімізде ірі халықаралық турнирлерді ұйымдастыру және басты мақсат — 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуіне бағытталған жұмысты жалғастырады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

Футбол 15 минут бұрын

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

Футбол 27 минут бұрын

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Футбол 2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Футбол 12 сағат бұрын

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды

Дзюдо 13 сағат бұрын

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды