05.09.2025
Елдос Сметов Еуропа еліндегі татамиден сәлем жолдады

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Испанияның Мостолес (Мадрид) қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жиын 4 қыркүйекте басталып, 7 қыркүйекке дейін жалғасады.
Сметов өз әлеуметтік желісінде кимоно киіп, жас спортшылардың ортасында оқу-жаттығудың басталғанын жариялаған бейнежазба жүктеді.
https://www.instagram.com/p/DOMHdMODWU7/
— «Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Барлықтарыңызға жақсы күн тілеймін. Бүгін Мадридте мастер-класстың алғашқы күні басталды. Мені осындай деңгейге көтерген ел басшысына, халқыма алғыс айтамын», — деді Олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, спортшы өз мансабында 3 Олимпиада қатарынан жүлде алып келеді. 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға дейін жетсе, Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Ал Париж Олимпиадасында ол Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді салған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
