3 күн бұрын
Дзюдодан Азия кубогында қазақстандық балуандар 4 медаль алды

Фото. Қазақстан дзбдо федерациясы
Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық дзюдошылар құрлықтық бәсекеден 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 3-ші орынмен аяқтады.
Ел құрамасынан Ермек Амангелді (73 келі) чемпион атанса, Табылды Бигембаев (66 келі) пен Әлішер Слямжанов (90 келі) күміс, Ұлықбек Әбілқайыр (66 келі) қола алды.
Айта кетерлігі, жарысқа Азия елінен 13 құрама қатысты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
