3 сағат бұрын
Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын табысты аяқтады

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен құрлықтық додада 1 алтын, 4 күміс және 7 қола алды.
Ел құрамасынан Іңкәр Құралбай (48 келі) чемпион атанса, Қайрат Жеңісұлы (60 келі), Сапарғали Салхан (81 келі), Егор Раков (90 келі), Шынар Бітімбай (70 келі) күміс, Ерасыл Ержанов (66 келі), Ернар Кеңесхан (73 келі), Ерасыл Нұртаза (100 келі), Бейбарыс Сұлтан (100 келіден жоғары), Сара Шугаева (52 келі), Томирис Ерғали (78 келі), Көркем Бақытбек (78 келіден жоғары) қола жүлдегер болды.
Айта кетсек, дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
