Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

28.11.2025

Азия чемпионыатның жүлдегері Абу-Дабидегі турнирден ерте шығып қалды

Азия чемпионыатның жүлдегері  Абу-Дабидегі турнирден ерте шығып қалды

Қазақстандық дзюдошы Бақыт Құсқабаева Абу-Дабиде өтіп жатқан беделді халықаралық турнирде жарыс жолын аяқтады.

2025 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері саналатын Құсқабаева (57 кг) татамиде испаниялық Адриана Родригес Сальвадормен кездесті. Айтарлықтай атағы жоқ қарсыласымен өткен белдесу өте қысқа болды: жекпе-жек басталған алғашқы секундтарда испан спортшысы сәтті әдіс жасап, қолға рычаг салғаннан кейін Бақыт берілуге мәжбүр болды.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы Абу-Дабидегі турнирді жеңіссіз аяқтады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»