Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

29.11.2025

Азат Құмыспай Абу-Даби Grand Slam турнирінде алғашқы белдесуде жеңілді

Азат Құмыспай Абу-Даби Grand Slam турнирінде алғашқы белдесуде жеңілді

Абу-Дабиде 28–30 қараша аралығында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні жалғасуда.

Қазақстандық дзюдоист, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Азат Құмыспай жарысты алғашқы белдесуден кейін-ақ аяқтады. Оның қарсыласы Әмірліктердің өкілі Негзури Таташвили болды. Бұл балуан аса қауіпті қарсылас саналмағанымен, тартысты белдесу көрсетіп, кездесуді «алтын ұпайға» (golden score) дейін жеткізді.

Құмыспай тік тұрыс кезінде сенімді өнер көрсетті, алайда партерге ауысқан сәтте қателік жіберді — жартылай қалыпта қатып қалып, қарсыласына аудару тәсілін орындауға мүмкіндік беріп қойды. Соның нәтижесінде Таташвили «юко» бағасын алып, шешуші ұпайды еншіледі.

Осылайша, бір ғана өкінішті қателіктің салдарынан қазақстандық спортшы турнирдегі жеңіс жолын ерте аяқтап, Абу-Дабиден жүлдесіз оралады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»