30.11.2025
Қазақстан құрамасы Grand Slam Абу-Дабиде есе жіберді
Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam сериясының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар финалдық кезеңге өте алмады.
30 қараша күні Ермахан Ануарбеков (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Марат Байқамұров (100 кг) және Еламан Ерғалиев (+100 кг) қарсыластарынан ерте кезеңдерде жеңіліп қалды.
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирді бір ғана жүлдемен аяқтады. 48 келі салмақ дәрежесінде Абиба Әбужақынова қола медаль иеленіп, ұлттық команда қоржынына жалғыз награда салды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас