05.12.2025

Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 11-14 желтоқсан күндері дзюдододан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Ел біріншілігіне 2006-2008 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. Төрт күнге созылатын Қазақстан Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 621 жас дзюдошы тіркелген. 

Айта кетерлігі, қатысушылар арасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ернұр Батырғали мен әлем чемпионатының жүлдегерлері Қайырғали Ролан, Мұхамедәлі Жылқайдар бар. 

Қазақстан Чемпионаты нәтижесінде 2026 жылғы жаңа спорт маусымына Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. 





Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас