3 күн бұрын
Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионатына қанша балуан қатысады?
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ертең, 11 желтоқсанда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел біріншілігіне 2006-2008 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. Төрт күнге созылатын Қазақстан Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 551 жас дзюдошы тіркелген.
Айта кетерлігі, қатысушылар арасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ернұр Батырғали мен әлем чемпионатының жүлдегерлері Қайырғали Ролан, Мұхамедәлі Жылқайдар бар.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2026 жылғы жаңа спорт маусымына Қазақстан жастар құрамасы жасақталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас