6 күн бұрын

Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды

Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Астана қаласындағы №45 мектепте еліміздегі дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

 Жоба мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдары бірлесе жүзеге асырылып жатыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеудің маңыздылығын ұдайы айтып келеді. Сол себепті біз орта білім саласында спорттың мазмұнына ерекше мән береміз. Оның ішінде, командалық спорт түрлеріне көңіл бөлінеді. Дзюдоны үйрету барысында алғашқы жылы балалардың қауіпсіздік ережелерін меңгеруі маңызды. Бұл спорт философиясы жастарды қарсыласты сыйлауға, төзімділікке, табандылық пен үйлесімді өмір сүруді насихаттайды. Бұл біздің тәрбиеге жақын. Спорт клиптік ойлау кезеңінде оқушыларды ұстамдылыққа үйретеді», -деді ҚР Оқу-ағарту министр Жұлдыз Сүлейменова.

Қазақстанда дзюдо спорты тұрақты дамып келеді. Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасындағы тарихи алтын жүлдесінен кейін бұл спорт түріне деген қызығушылық едәуір артты. Қазіргі таңда елімізде дзюдомен шамамен 90 мың адам айналысады, ал спортшыларды даярлаумен 1300-ге жуық жаттықтырушы айналысады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас