24.12.2025

Дзюдодан Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингтің бірінші орынында қалды

Дзюдодан Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингтің бірінші орынында қалды

Дзюдодан халықаралық спорттық маусым аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Осы орайда әлемдік рейтингті назарларыңызға ұсынамыз:

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 48 келідегі көшбасшылық орынын сақтап қалды. Жыл қорытындысы бойынша Әбужақынованың еншісінде 5096 рейтингтік ұпай бар. Биылғы маусымда отандасымыз Мажарстанда өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, күміс жүлдені алған болатын.

Қазақстанның басқа өкілдері маусымды үздік ондықта аяқтай алмады. 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев және 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар 14-орында тұр.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас