27.12.2025
Абиба Әбужақынова Атырау облысында марапатқа ие болды
Атырауда спорт және туризм саласының үздіктері марапатталып, дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова «Жыл үздігі – 2025» атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Жыл қорытындысы бойынша әлем және Азия деңгейіндегі жарыстарда жоғары нәтижеге көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Олардың қатарына дзюдодан ұлттық құраманың үздігі Абиба Әбужақынова еніп отыр.
Айта кетейік, Абиба Әбужақынова 2025 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында 48 келіде күміс жүлдегер атанды. Спортшы биыл Астана және Душанбе Гранд Слэм турнирлерінде күміс жүлдеге ие болған. Ол қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 48 келі бойынша көш бастап тұр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов