6 күн бұрын

Абиба Әбужақынова жаңа шетелдік бапкердің ерекшелігін айтты

Абиба Әбужақынова жаңа шетелдік бапкердің ерекшелігін айтты

Отандық дзюдода кейінгі жылдары табысты өнер көрсетіп жүрген Абиба Әбужақынова шетелден келген бапкерлер жайлы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

«Бұған дейін біз салмақ қуу үшін 20 минут жүгіретін едік. Қазір олай емес. Татамиде күресіп, қуып тастаймыз. Олардың жүйесі басқаша. Жүгірген сәтте аяқ әлсірейді деп санайды. Қарапайым жүгіргенде тек аяқ жұмыс істейді. Ал татамиде белдескенде аяқтан бөлек, қол да жұмыс істейді. Екеуі екі түрлі. Нәтижесін де ақырындап көріп жатырмын. Жарыстарда көп шаршамаймын. 1 жыл бойы жаңа бағдарламамен жаттығып келе жатырмыз. Енді 1 жылдан кейін нәтижесін көре жатармыз», - деді Абиба Әбужақынова.

Ол өткен әлем чемпионатында күміс медаль алған сәтін де еске түсірді.

«Жаһандық доданың алдында Эцио Гамба менен «жүлде алуға дәмелісің бе» деп сұрады. Мен бұған дейін қола жүлдегер атанғанымды айтып, тек чемпион болуға баратындымды жеткіздім. Финалда юко әдісіне түсіп қалмағанымда, алтын медаль аламын деп ойлағанмын. Кейінгі бір жылда бұл әдіс юко болып есептеледі. Бапкерлер мені құттықтамады. Себебі, олар менен алтын медаль күткен еді», - деп Абиба Әбужақынова әлем чемпионаты жайлы айтты.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 2025 жылғы әлем чемпионатында финалға шыққан ел тарихындағы алғашқы отандық ару атанған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас