6 күн бұрын
Абиба Әбужақынова: Галбадрахтың еңбекқорлығы тәнтті етті
Отандық дзюдода кейінгі жылдары табысты өнер көрсетіп жүрген Абиба Әбужақынова бірнеше жыл бұрын Моңғолиядан келген Галбадрах Отгонцэцэг туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Ұлттық құрамада легионердің болғаны да, болмағаны да жақсы. Мысалы, Галбадрахпен бірге жаттыққанда, оның еңбекқорлығы тәнті етті. Ол Токио Олимпиадасына дайындалған сәтте спарринг әріптесі ретінде таңдалдым. Өте шыдамды болды», - деді Абиба Әбужақынова.
Галбадрах Отгонцэцэг 2015 жылы Моңғолиядан Қазақстан сапына ауысып, 2016 жылы Рио Олимпиадасының қола жүлдесін, әлем чемпионатының 2 қоласын алып, Азия ойындары, Азия чемпионаттарында жүлде тұғырына шыққан еді.
Абиба дзюдошылардың қандай жарақат алатынын да айта кетті.
«Жаттығу және жарыс барысында дзюдошылар иық пен тізеден көп жарақат алады. Бел мен саусақты майда жарақат деп есептейміз. Барынша абайлау керек. Арнайы жапсырмамен сақтанамыз», - деп Абиба Әбужақынова әлем чемпионаты жайлы айтты.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 2025 жылғы әлем чемпионатында финалға шыққан ел тарихындағы алғашқы отандық ару атанған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов