6 күн бұрын

Абиба Әбужақынова 2026 жылдағы басты мақсатын атады

Абиба Әбужақынова 2026 жылдағы басты мақсатын атады

Отандық дзюдода кейінгі жылдары табысты өнер көрсетіп жүрген Абиба Әбужақынова келесі жылдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz

«2026 жылдың басты жарысы - қыркүйек айында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары. Олимпиададан кейін екінші сатыда тұратын кешенді жарыстың тарихына үңілсек, әлі бірде-бір аруымыз чемпион атанпбапты. Осы жетістікті жаңартсам деймін», - деді Абиба Әбужақынова.

Ол Азия ойындарының кестесі әлем чемпионатына кедергісін келтіретінін жасырмады.

«Азия ойындарында дзюдо сайысы әдетте жарыстың соңғы күндері болады. Әлем чемпионаты да қазан айының 4-інде басталады. Егер қос жарыстың арасы 7 немесе 10 күн болса, онда тек Азия ойындарына ғана қатысамын. Әлем чемпионатына екінші құрам барып қалуы ықтимал. Бірақ жеке өзім бірде-бір жаһандық доданы тыс қалғым келмейді», - деп Абиба Әбужақынова өз қауіпін айтты.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 2025 жылғы әлем чемпионатында финалға шыққан ел тарихындағы алғашқы отандық ару атанған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас