6 күн бұрын
Абиба Әбужақынова: Елдос Сметовтан үлгі аламын
Отандық дзюдода кейінгі жылдары табысты өнер көрсетіп жүрген Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
«Елдос дзюдоның барлық қыр-сырын біледі. Тәжірибесі мол. Өзінің мақсаттарына жұмыс жасаған спортшы ретінде білемін. Әр жаттығуды соңына дейін жасайды. Еш шаршамайды. Одан үлгі аламын. Әлі де үйренетін тұстарым көп. Барлығымыз Елдостың жетістігіне жетуге тырысамыз. Кейінгі 10 жылда үш Олимпиадаға да барып жүлдемен қайту оңай емес», - деді Абиба Әбужақынова.
Ол жеке өміріне де тоқталды.
«Отбасымда анам барлық киімдерімді жуып, тамағымды дайындап қояды. Үй шаруасына еш араласпаймын. Спортта жеткен жетістіктерімнің арқасында үйдегілерге материалдық жағынан көмектесемін. Інімді де үйлендірдім. Өзімнің қашан тұрмысқа шығатынымды нақты айта алмаймын», - деп Абиба Әбужақынова эмоциясымен бөлісті.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 2025 жылғы әлем чемпионатында финалға шыққан ел тарихындағы алғашқы отандық ару атанған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов