23.01.2026
Елдос Сметов: ағылшын тілім супер деп айта алмаймын
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов тіл үйрену мақсатында 4 ай Лондонда тұрған сәтін еске түсірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Sport+ арнасына берген сұхбатына сілтеме жасап.
«Ағылшын тілім супер деп айта алмаймын. Нан сұрай аламын. Аш қалмаймыз. 4 ай ішінде ағылшын тілін еркін меңгеру аздық етеді. Енді онлайн түрде қолға аламын. Жалпы Англияның ділі мүлдем бөлек. Жеке өзім дамыған ел осындай болса, онда Қазақстан осылай тұра берсе екен деп ой түйдім. Бала жетектеген адамнан қарағанда, көшеде ит жетектеген жандар көп. Еліміз де сол халге жетпесе екен деймін», - деді Елдос Сметов.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасында топ жарғаннан кейін, қайта ұлттық құрамаға оралды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов