23.01.2026

Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан кейін алған сыйлықтың ең құндысын атады

Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан кейін алған сыйлықтың ең құндысын атады

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов сыйлықтарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Sport+ арнасына берген сұхбатына сілтеме жасап.

«Париж Олимпиадасынан кейін пәтер, көліктер берілді ғой. Бірақ мен үшін ең құндысы - ел президентінің қолынан алған II дәрежелі Барыс ордені деп санаймын. 32 жасымда президенттің алдында сөйлеу, еңбегімізді бағалауы үлкен мәртебе», - деді Елдос Сметов.

Ол сұхбат барысында өзі жайлы кино түсіру жайлы да сөз қозғады.

«Қазіргі сәтте кино түсіру идеясы тоқтап тұр. Париж Олимпиадасына дейін де кино түсіру ұсынысы болған. Бірақ Парижде топ жарған соң, түсіру керек деп тоқтатқанмын. Бірақ әлі де нүктесі қойылмады. Оның үстіне ол сериал әлде кино болатынын әлі талқылау үстіндеміз», - деп Елдос Сметов өз ойымен бөлісті. 

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасында топ жарғаннан кейін, қайта ұлттық құрамаға оралды.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!