7 күн бұрын

Париждегі Үлкен дулыға турнирінде күресетін дзюдошылар белгілі болды

Париждегі Үлкен дулыға турнирінде күресетін дзюдошылар белгілі болды

7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл бәсекеге қазір 82 мемлекеттен 530 палуан тіркеліп үлгерді. Назарыңызға Қазақстан командасының тізімін ұсынамыз: 

Ерлер - Аман Бақытжан (-60 кг), Шерзод Давлатов (-60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Бауыржан Нарбаев (-66 кг), Есет Қуанов (-73 кг), Дастан Шаяхметов (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Әділет Алмат (-81 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Марат Байккмуров (-100 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).

Парижге еліміздің әйелдер құрамасы бармайды. Айта кетейік, Франция астанасынан кейін Үлкен дулыға турнирін ақпанның аяғында Ташкент қаласы қабылдайды.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!