2 күн бұрын

Алматы облысында Азия ойындарында финалға шыққан дзюдошыларға ерекше тарту жасайды

Алматы облысында Азия ойындарында финалға шыққан дзюдошыларға ерекше тарту жасайды

Фото: Қазақстан ҰОК

Алматы облысының дзюдо федерациясы Жапонияда өтетін Азия ойындарында финалға шыққан спортшыларға темір тұлпар табыстайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл - жай ғана тұлпар емес, ел алғысының белгісі. Сондай-ақ, ол - Олимпиадаға деген сенімділік. Ол балуандарымызға мотивация болсын. Жеңіс -жылдыр бойғы қаржырлы еңбектің нәтижесі. Ал соңғы еңбекті бағалау біздің ортақ парызымыз. Біз чемпиондар сенеміз. Осы бастаманы облыстың өзге де спорт федерацияларына челлендж ретінде жолдаймыз, - деп жазылған Алматы облысының дзюдо федерациясы таратқан хабарламада.  

Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді. 

Жарыс бағдарламасына 68 дисциплинаны қамтитын 41 спорт түрі кірді. Спортшылар жалпы 460 медаль жиынтығын сарапқа салады. Оның ішінде ерлер арасында – 217, әйелдер арасында – 204 және аралас жарыстарда – 39 медаль жиынтығы ойнатылады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!