06.02.2026
Дзюдодан Париждегі Grand Slam турниріміздегі қарсыластарымыз белгілі
Ертең Парижде дзюдодан 2026 жылғы «Үлкен дулыға» сериясының алғашқы кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін осы рейтингтік жарыстың жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы үшін нәтижелер төмендегідей:
7 ақпан
60 келі. Шерзод Давлатов - Ицхак Ашпиз (Израиль)
60 келі. Аман Бақытжан - Захари Дижол (Франция).
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев. Екінші айналымнан бастайды.
66 келі. Бауыржан Нарбаев - Юн Чжун Лим (Оңтүстік Корея)
73 келі. Есет Қуанов - Джейсон Зако (Оңтүстік Африка Республикасы)
73 келі. Дастан Шаяхметов - Эуклидис Лопес (Гвинея-Биссау).
8 ақпан
81 келі. Абылайхан Жұбаназар. Екінші айналымнан бастайды.
81 келі. Әділет Алмат - Омар Махмуд (Мысыр)
90 келі. Айдар Арапов - Йохан Ленц (Германия)
100 келі. Нұрлыхан Шархан - Куссай Бен Гарес (Тунис)
100 келі. Марат Байкамуров - Кэлвин Кпока (Оңтүстік Африка Республикасы)
+100 келі. Ғалымжан Қырықбай - Джон Мессе э Бессон (Канада)
Айта кетейік, бастапқыда жарысқа әйелдер құрамасы да тіркеліп еді. Бірақ соңғы сәтте олар қатысудан бас тартты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов