5 сағат бұрын
Grand Slam турнирінде ертең ел құрамасынан кімдер шығады?
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстан ұлттық құрамасы жылды Парижде өтетін Grand Slam жарысынан бастайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Жарыстың алғашқы күнінде ел намысын Аман Бақытжан (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Бауыржан Нарбаев (66 келі), Есет Қуанов (73 келі) және Дастан Шаяхметов (66 келі) қорғайды.
Ертең, 7 ақпан күні Grand Slam жарысы Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады. Финалдар 21:00-ге жоспарланған.
Әлемдік додадаға 82 елден 529 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!