5 сағат бұрын
Елдос Сметовтың салмағындағы отандық спортшы Grand Slam турнирінде жүлде алды
Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Парижде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Sport12.kz
60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ол жұбаныш финалында кубалық Джонатан Чаронды юко ұпайымен жеңді.
Аман Бақытжан бүгін жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуін жеңіспен аяқтады. Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жолдама алды. Алайда, отандасымыз жартылай финалда Дильшот Халматовқа (Украина) есе жіберді. Ал іріктеу кезеңінде ол Закари Дижолді (Франция), Мишель Аугустоны (Бразилия), Дэвид Старкелді (Словения) жарыс жолынан шығарған болатын.
Айта кетерлігі, Парижде өтіп жатқан жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов