4 сағат бұрын
Абылайхан Жұбаназар Париждегі Үлкен дулыға турнирінің қола жүлдегері атанды
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы бәсекеде тағы бір дзюдошымыз тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін -81 кг салмақта Абылайхан Жұбаназар Аустрия спортшысы Бернд Фасчиннен басым түсіп, қола медаль иеленді.
Айта кетейік, бұл Абылайханның Grand Slam додасындағы 7-ші жүлдесі. Осыған дейін ол 1 күміс 5 қола жүлде жеңіп алған.
Жалпы Парижде өтіп жатқан турнирде 78 елден жиналған 488 дзюдошы бақ сынап жатыр. Ұлттық құрама сапынан кеше Аман Бақытжан (-60 кг) үздік үштікті түйіндеген.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов