8 сағат бұрын
Отандастарымыз дзюдодан Еуропа кубогында жүлде жеңіп алды
Испанияның Мостолес қаласында жастар арасында дзюдо бойынша Еуропа кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды (екі алтын және бір күміс). Турнирдің жеңімпаздары 48 келідегі Айзат Наукенова және 100 келіге дейінгі салмақта Санжар Еруланұлы болды.
81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді Омар Нұрбергенов жеңіп алды.
Айта кетейік, жарыстарға жалпы 23 елден 503 спортшы қатысты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов