15 сағат бұрын
Абиба Абужақынова күтпеген жерден есе жіберді
Бүгін Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан Гран-при турнирінде тағы бір қазақ спортшысы жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абиба Абужақынова (-48 кг) ширек финалда Нидерланд өкілі Вера Вандельмен белдесіп, қарсыласына есе жіберді. Енді отандасымыз кешке жұбаныш кезеңінде Ева Перес Солер (Испания) немесе Мэри Ди Варгаспен (Чили) күш сынасады.
Абиба осыған дейін іріктеуде Алжир өкілін ұтқан.
Сонымен қатар бүгін татамиге Диана Буркеева (-48 кг), Дана Әбдірова мен Бақыт Құсақбаева (екеуі де -57 кг) шықты. Алайда олар топтық кезеңнен ары аса алмады.
Айта кетейік, жартылай финал мен ақтық сын бүгін өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов