12 сағат бұрын
Дзюдодан Гран-при турнирі 4 балуанымыз қолға таласады
Фото: Қазақстан ҰОК
Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы жарыс күні төрт отандасымыз финалдық кезеңге жолдама алды.
Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Дильшот Халматовқа есе жіберіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Ол тағы бір қазақстандық балуан Аман Бақытжанмен үшінші орын үшін таласады.
66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда бразилиялық Рональд Лимаға жол берді. Осылайша отандасымыз қола медаль үшін өтетін белдесуде испаниялық Адриан Чинарромен кездеседі.
48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова ширек финалда Вера Вандельге (Нидерланд) есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде отандасымыз Мэри Ди Варгасты (Чили) жеңді. Осылайша Әбиба нидерландтық дзюдошы Амбер Гершеспен қола жүлдені сарапқа салады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»