11 сағат бұрын
Шерзод Давлатов - Гран-при жарысының қола жүлдегері
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Австрияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысында ел қоржынына алғашқы жүлдені салды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта белдескен ол жұбаныш финалында отандасымыз Аман Бақытжанды жеңді.
Шерзод Давлатов іріктеу кезеңінде өз тобының үздігі атанған болатын. Алайда, оны жартылай финалда Украина спортшысы Дильшот Халматов тоқтатты. Осылайша, бүгін жарыс жолында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, төртеуін жеңіспен аяқтады.
Айта кетерлігі, бұл әлемдік Гран-при жарысына 59 елден 479 дзюдошы қатысуда. Жарыс 8 наурызға дейін созылады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»