5 сағат бұрын
Алмат Әділет - әлемдік Гран-при турнирінің чемпионы
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Алмат Әділет Аустрияда өтіп жатқан Гран-при жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол финалда Галандарзаде Вусалды (Әзірбайжан) иппон ұпайымен жеңді.
Алмат Әділет бүгін жарыс барысында барлығы 6 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді. Іріктеу кезеңінде Молдова, Бразилия, Эстония спортшыларын ұтып, өз тобынан үздік шықты. Ширек финалда Омар Ражаблиден (Әзірбайжан), жартылай финалда Груичич Василиеден (Сербия) басым түсті.
Айта кетерлігі, Гран-при жарысының алтыны 21 жасар Алмат Әділет үшін спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі.
Осылайа, Линцтегі Гран-приден Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті. Кеше 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Шерзод Давлатов қола жүлдеге қола жеткізген болатын.
Әлемдік Гран-при жарысына 59 елден 479 дзюдошы қатысуда. Жарыс 8 наурызға дейін созылады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»