Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-при турнирін 2 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-при турнирін 2 медальмен аяқтады

Фото: Қазақстан ҰОК

Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Соңғы жарыс күнінде ел намысын бес дзюдошы қорғады.

Дегенмен финалдық кезеңге дейін Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) ғана жетті. Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде Эмма-Мелис Актасқа (Эстония) жол берді.

Ал Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары), Айдар Арапов (90 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) финалдық кезеңге өте алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при турнирін екі медальмен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын алса, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медаль еншілеген еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»