Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Қазақстандық дзюдошылар Польшадан бес медальмен оралды

Қазақстандық дзюдошылар Польшадан бес медальмен оралды

Қазақстандық дзюдошылар Польшада өткен European Open турнирінде керемет нәтиже көрсетті. Ел намысын қорғаған команда бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені 60 кг салмақ дәрежесінде Тоқтар Үміталиев жеңіп алып, финалда өз елдегі әріптесі Сұңғат Нұрлатұлыны жеңді. Сұңғат Нұрлатұлы күміс медальға ие болды.

Қола медальдарды Асылхан Зинуллин (60 кг дейін), Камила Берліқаш(78 кг жоғары) және Айбол Нысанәлі (90 кг дейін) жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте Қазақстандық дзюдошылар 5-орынға табан тіреді. Бұл нәтиже ел спортының халықаралық аренасында сенімді өсуін көрсетіп отыр.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»