18 сағат бұрын
Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің финалына шықты
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің алтын медалін әзірбайжандық Турар Байрамовпен сарапқа салады.
Ал, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Талғат Орынбасар қола жүлде үшін белдеседі.Оның жұбаныш финалдағы қарсыласы - украиналық Артём Лесюк.
Татами төрінде 53 елден келген 424 спортшы қатысады деп жоспарланған. Беделді бәсеке 20-22 наурыз күндері өткізіледі.
Оған Қазақстан ерлер құрамасы толық құраммен қатысады.
Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің атынан Мағжан Шамшадин (60 келі), Ақылжан Жұбатқанов ( 66 келі) сынға түсті.
Беделді бәсеке 20 наурызда басталып, 22 наурызда мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»