5 сағат бұрын
Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінде топ жарды
Грузия астанасы Тбилиси қаласында дзюдодан Grand Slam-2026 халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
66 келідегі қазақстандық Нұрқанат Серікбаев алтын медаль үшін финалдық белдесу өткізді. Оның қарсыласы Әзербайжанның атақты спортшысы Туран Байрамов болды. Белдесу тартысты өтіп, тағдыры соңғы сәттерде шешілді. Отандасымыз нәтижелі ұпай жинап, финалдық белгіге дейін басымдығын сақтап, турнир жеңімпазы атанды.
Бұған дейін жартылай финалда қазақстандық дзюдошы Испания өкілі, Grand Slam сериясы турнирлерінің бес дүркін жүлдегері Давид Гарсия Торнені сенімді түрде жеңген болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов