4 сағат бұрын
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінде қола алды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Талғат Орынбасар Грузия астанасы Тбилиси қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз қола жүлдеге таласта украиналық Артём Лесюкты жеңді.
Әлемдік додаға 51 елден 386 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 22 наурызға дейін жалғасады.
Айта кетсек, бүгінбұл турнирде 66 келідегі қазақстандық Нұрқанат Серікбаев алтын медаль үшін финалдық белдесу өткізді. Оның қарсыласы Әзербайжанның атақты спортшысы Туран Байрамов болды. Белдесу тартысты өтіп, тағдыры соңғы сәттерде шешілді. Отандасымыз нәтижелі ұпай жинап, финалдық белгіге дейін басымдығын сақтап, турнир жеңімпазы атанды.
Татами төрінде 53 елден келген 424 спортшы қатысады деп жоспарланған. Беделді бәсеке 20-22 наурыз күндері өткізіледі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»