23.03.2026
Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте жоғарлап кетті
Дзюдодан Грузияда өткен Grand Slam турнирінде 66 келіде чемпион атанған Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингісі өзгерді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жаңа «дивизиондағы» алғашқы ірі жетістігінің арқасында ол 39-орынға көтерілді. Ал бұған дейін небәрі 184-орында тұрған еді.
Еске сала кетейік, Грузия астанасында Жамбыл облысының өкілі француз Дрисса Массонды, кипрлік Петрос Христодоулидесті, испаниялық Давид Гарсия Торнені, сондай-ақ әзербайжандық екі спортшы — Рашад Елкиев пен Туран Байрамовты жеңді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов