2 сағат бұрын
Әбиба Әбужақынова отбасылық өмірі жайында сүйінші хабар жариялады
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова тұрмысқа шығатынын жария етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Атақты қазақстандық спортшы Instagram-аккаунтында өзінің кешкі сәнді көйлегіндегі суретін жариялап, неке жүзігін көрсетті. Сондай-ақ, кадрдың бірінде қолына ұстап тұрған үлкен қызыл раушан гүл шоғы бар костюм киген адамды көруге болады. Алайда, Әбиба әзірге болашақ жұбайының бетін көрсетпеуге шешім қабылдады.
«Мен мә дедім!»,- деп жазды дзюдошы.
Әбиба Әбужақынова - дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. 2026 жылғы наурыздағы жағдай бойынша IJF әлемдік рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алады. Оның 2025 жылы әлем чемпионатында күміс алса, әлем чемпионаттарының екі қола медалі (Ташкент-2022 және Абу-Даби-2024) бар. Ол сондай-ақ Азия чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»