6 күн бұрын
Данияр Шамшаев дзюдодан Еуропа кубогында чемпион атанды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ересектер арасында Еуропа кубогы басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.
Алтын - Данияр Шамшаев (-73 кг)
Күміс - Дамир Болатбеков (-60 кг)
Қола - Толқын Тұрсынақынова (+78 кг)
Аталмыш Еуропа кубогіне 32 елден 305 татами шебері қатысып жатыр.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жариялаған спортшылардың алдын ала тізіміне барлығы қазақстандық тоғыз спортшы енгізілген. Оған еліміздің ерлер және әйелдер құрамалары қатысады. Олардың қатарында Дамир Болатбеков (60 келі), Қанат Сейілхан (66 келі), Данияр Шамшаев, Айбек Жақашов (73 келі), Қанат Әбітұлы (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ермұхан Естай (100 келі) бар.
Ал әйелдер құрамасында Сымбат Тағай (48 келі) және Толқын Тұрсынақынова (78 келі) ел намысын қорғайды.
Еуропа кубогы 28-29 наурыз күндері өткізіледі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»